Айшабибі ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Айшабибі кесенесі маңынан салыну жоспарға еңгізілген туристік орталықтың еңсе тіктейтін орнын белгіледі.
🗒- Қазақтың әр аймағы қазынаға, тарихқа толы. Туристік орталық облыс әлеуетін көтеріп, қасиетті жердің мән-мағынасын аша бермек. Әзірше жоспарға еңгізілген орталықтың орны кесененің маңынан салуды ұсынамыз, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Аудан басшысы тиісті сала басшыларына жерді заңдастыруға, құжаттарын әзірлеуге тапсырма берді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі