Көпшіліктің көптеп қатысуына байланысты 2000 тұрғынға дастархан жайылды
Әз Наурыз мейрамы Жамбыл өңірінде ерешке леппен аталып өтілуде. Аса ауылында көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды. Тігілген киіз үйдің іші қазақи құндылықтарға, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызға сай безендірілді. Жаңа жыл мерекесімен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жұртшылықты құттықтап, қазақтың төл тарихымен біте қайнасқан асық ату, қол күрес, күрес, серке көтеру, арқан тартыс және кіші футбол, теннис, волейболдан өткен турнирлерді аралады.
Шарада серкені 60 мәрте көтерген ақбұлымдық балуан көпшіліктің қошеметіне иеленсе, асалық жасөспірім, 50 мәрте көтеріп, болашағынан үлкен үміт күттірді. Аудан азаматтары ақбұлымдық балуанның күш-жігеріне тәнті болып үлгермеді. Алаңға шыққан асалық Ислам Тілеміс серкені 1010 мәрте көтеріп, аудан басшысының ризашылығына бөленді. Өз кезегінде өңір басшысы жас балуанға көтерген серкесін тарту етті.
Сондай-ақ алдында 1500 адамға жоспарланған дастархан көпшіліктің белсенді қатысуына орай қосымша мешіт асханасында қайта дастархан әзірленіп, бас-аяғы 2000-ға жуық тұрғынға Наурыз көше, палау берілді.