Ащыбұлақта тренажер залы ашылды

Қарасу ауылдық округіне қарасты Ащыбұлақ ауылында жаңадан ашылған дене шынықтыру залы келушілерге есігін ашты.

 

Мұнда бір мезгілде 15 адамның жаттығуына мүмкіндік бар.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов пен аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жандар Тоқсаба қатысты.

Ауыл ақсақалдары нысанның лентасын қиып, ішкі жай-күйін көрді.

Ашылу рәсімінде сөз алған округ әкімі Самат Селеубаев: «Денешынықтыру залы» салауатты өмір салтын ұстануға оң ықпалын тигізеді. Мұнда кез келген уақытта келіп, құрылғылар қызметін пайдалануға болады», – деді.

Жиылған тұрғындар халық игілігіне берілген нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Тренажер залы қазіргі заманғы спорттық құрылғылармен жабдықталған. Залда жаттығуға арналған заманауи үлгідегі түрлі құрал-жабдықтар, қолдың, аяқтың, іштің бұлшық еттерін шынықтыратын, бой сымбаттылығын реттейтін, жүгіруге арналған тренажерлар, велосипед, секірмек, гантель секілді қажетті құрылғылар қойылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.