Аудан әкімі Бектөбедегі Наурыз мерекесіне қатысты

Ұлыстың ұлы күнін қаратөбеліктер ерекше ықыласпен қарсы алды. Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғамзат Сағымбеков бастаған әкімдік қызметкерлері, мектеп, ауылдық клуб мамандары қастерлі мерекенің  және кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен ақ дастархан жайылып, концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды.
Наруыз мерекесімен арнайы құттықтауға барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы көпшілікті жаңа жылмен құттықтап, сахнадағы қойылымдарды ауылдықтармен бірге тамашалады.

Шарада қол күрес, күрес, гір тасын және қошқар көтеруден кіл мықтылар анықталды.
Қошқарды 28 мәрте көтерген Ыдырыс Нұрболаев қара күштің иесі екенін аңғартып, қошқарды өзімен бірге ала кетті.
Балуанға аудан басшысы ризашылығын білдіріп, Ұлыстың ұлы күнін дәл осылай ауызбіршілікте қарсы алған қаратөбеліктерге алғыс айтты.

Сондай-ақ спорттық ойындардың жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.