Бүгін Тараз қаласындағы Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз мерекесі күні өткен шарада Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын қоғам қайраткері Қасымхан Төлендиевке салтанатты жағдайда табыс етіп, «Алтын барыс» төсбелгісін кеудесіне тақты.