Керуен Қордайға келді

  Өтеген батыр, Кебекбай шешен еліне, Кенен Әзірбаев жеріне мерейлі Меркіден аттанған Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Рухани керуен» ат басын тіреді.

«Өркендеу күні» — мерекесіне келген керуенді құт қонған Қордай жұрты ауылға кіре беріс аркадан ауданның атқа мінерлері мен зиялы қауым өкілдері, Мәдениет үйінің әншілері домбырамен әндетіп қарсы алады. Ары қарай Өтеген батыр ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Мәдениет үйінің залында екі ауданның көрмесі қойылса, концерт залында қос ауданның өнерпаздары қатар өнер көрсетті. Кеш соңында қонақтар аудандық мәдениет үйінің алдына ағаш көшеттерін отырғызды.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.