Аудан әкімі Сәкен Арубаев Белбасар ауылында орналасқан «Белбасар» спорт кешенінің жұмысымен танысты. Белбасар ауылының тумасы Б.Сауранбаевтың демеушілігімен салынған спорт кешені 2019 жылы пайдалануға берілген. Спорт кешенінде бокс, таэквондо, футбол, күрес тағы да басқа үйірмелер жұмыс жасайды.
500-ден аса спортшылар келетін спорт кешенін аралаған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы алдағы уақытта еліміздің көк туын желбірететін чемпиондар шығуына тілектестігін білдірді.
Prev Post