Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов пен аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі Алтай Стамқұлов, сондай-ақ, филиал қызметкерлері, аудан әкімдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты қызметкері, филиал жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі тиіс ғимараттарға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында орын алған кемшіліктерге сәйкес мекеме басшылығына ұсыныстар берілді.