Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны белгілі.
Президенттің өкілеттігі туралы, өкілді билік тармағын құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту, құқық қорғау институттарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру, дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы бастамалары көпшіліктің көкейіндегісін дөп басты.
Бұл жолғы жиында мәлім етілген ресми құжат еліміздің жаңа дамуының бастауы болмақ.
Жолдауда Мемлекет басшысы таяуда қабылдануы тиіс саяси реформалардың пакетін жариялап, ел тарихындағы ауқымды өзгерістер мен институционалды бастамаларды назарға ұсынды.
Президент Жолдауын кеңінен түсіндіру және халықтың ұсыныс-тілектерін назарға алу мақсатында таяуда Мойынқұм ауданы Биназар ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздік.
Жаңару мен жаңғыруға бастайтын баяндаманың әр тарауын терең талдауға салдық.
Өзгерістерге ниетті бұқараның белсенділігі байқалып, байыпты байламдарымен бөлісті.
Басқосуда биназарлықтардың талап-тілегін тыңдап, көтерліген мәселелерге құлақ астық.
Бір айта кетерлігі, жұртшылық Президент бастамаларын толықтай қолдап, жаңашылдыққа түбегейлі дайын екендіктерін көрсетті.
Жолдауда айтылған ауқымды бастамалар болашаққа басар қадамдарымызды да нық ете түседі деген ойларын ортаға салды.
Ел тыныштығы мен бірлігінен артық құндылық жоқ. Сол құндылығымызды қуаттау үшін Президентімізбен бірге жаңа бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз керек.
Жаңа Қазақстанның дамуына қолдау білдіру — баршамызға ортақ міндет.
Бақытжан Жәнібеков,
Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.