Жамбыл ауданы үшінші орын иеленді
Бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде Наурыз мерекесін облыс көлемінде кеңінен атап өту мақсатындағы «Рухани керуен» жобасына белсене атсалысып, халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттауда қосқан сүбелі үлесі және көрсеткен ерекше өнері үшін Жамбыл ауданы үшінші орыннан көрінді.
Марапатты облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров табыс етті.
Айта кету керек, керуен 10 ауданда өтіп, ұйымдастырылу деңгейі бағаланған болатын.
Шараға өңірден аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев қатысты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі