Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша облыс әкімдігінің экономика басқарма мамандарымен және инвестицалық жобаларға қызмет көрсету орталығы, жекеше әріптес «IP Technologies» ЖШС мен «Көркем Телеком» ЖШС басшыларымен кезекті мәжіліс отырысы өткізіліп, жұмыс барысы талқыланды.
Аталған жоба, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен құқық тәртібінің жалпы деңгейін арттыруға, жол көлік оқиғаларында өлім-жітімді азайтуға, қалалық көлік саласын басқару, сапасын арттыруға, қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал етуге, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2027 жылдардың аралығы.
Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
1. 35 желілік учаскедегі аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК);
2. 13 қиылыста АБК;
3. 450 нысанға 1250 жалпы бейнебақылау камералары;
4. Деректерді өңдеу және талдау орталығы, деректерді өңдеуге және талдауға арналған серверлер, коммутациялық және маршруттаушы жабдық.
Бүгінгі таңға, жекеше әріптес «IP Technologies» ЖШС мен «Көркем Телеком» ЖШС тарапынан 4 құрылысшы-жұмыс тобы құрылып, 450 нысанның 36-на 105 дана жалпы бейнебақылау камералары орнатылды /теміржолдың арғы беті/ Үстіміздегі жылдың 10 сәуіріне дейін 150 дана бейнекамераларды орнату жоспарланып отыр.
Осы бағытта жұмыстардың тоқтаусыз жүргізілуі, жобаның іске асырылу барысы басқарманың тұрақты бақылауына алынған.
Бақытжан Жәнібеков,
Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы