- Арубаев Бірлікте өткен есептік жиындағы тұрғынның өтінішін орындады
Бірлік ауылында өткен Шу аудан әкімі Сәкен Арубаевтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде бірліктіктер аудан басшысына мекенжайға ауыз су жеткізіп беруін сұраған болатын. Бүгінгі күні тұрғындарың өтінішіне сәйкес Жайлау көшесі №11 мекенжайында орналасқан тұрғын үйге ауыз су тартылуда, қазіргі уақытта жұмыстың 80% аяқталды.
Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі