Шу ауданының әкімі 20-ға жуық тұрғынды қабылдады

Бүгін Шу ауданының әкімі жиырмадан аса аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, олардың талап-тілектеріне құлақ түрді.

— Жалпы, қоғамдық қабылдау арқылы ауылдықтарды алаңдатқан алуан түрлі түйткілдерді шешуге болатыны белгілі. Осыны ескере отырып, дәл осындай қабылдауларды тұрақты түрде әрі жиі өткізу көзделуде, — дейді Сәкен Қаланұлы.

Аудан әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың басым бөлігі жер кезегі мен тұрғын үйге, спорт алаңшаларына қатысты мәселелерді көтерді. Одан бөлек, жеке басының қамымен емес, тұтас ауылға қатысты жайылым, жол, газ және суға қатысты түйткілдерді көтерген тұрғындар да болды. Аталған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында жауапты мекеме мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Дәл осындай қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.