Жамбыл ауданында сенбілікте 300 мың ағаш әктелді
Көктемгі екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында аудан әкімінің ағымдағы жылдың ақпан айының 28 күні №101 қаулысына сәйкес, бүгін Жамбыл ауданы аумағында көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Сенбілік жұмыстары өңірге қарасты 17 ауылдық округте жүргізілді
Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еркебұлан Көмекбаевтың айтуынша, сенбілік жұмыстарына 1850 адам тартылып, 38 техника жұмыс жасап, 39 тонна қоқыс щығарылды. Сондай-ақ алдағы сенбілікті қоса есептегенде аудандағы 300 мың-ға жуық ағаш әктелген.
Сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бастап, өңір аумағын аралады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі