Телеуов егістік алқабына қайта шықты

«ҚЫЗЫЛДИХАН» ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ОРНАЛАСТЫРУДА

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жомарт Телеуов егістік алқаптарына қайта шықты.

Жомарт Тешебайұлы табыстан тайқазан тасытатын «Қызылдихан» шаруа қожалығының алқабында болды.

Нуритдин Бегманов басшылық ететін шаруа қожалық биыл 20 гектарға қант қызылшасын орналастыруда. Мемлекеттік жеңілдіктерді ұтымды пайдаланатын шаруа қожалық өткен жылы жаңбырлатып суаратын технологияны сатып алған.

Биыл қант қызылшасы судан тапшылық көрмейтініне сенімді ол табыс көлемін артығымен орындау жоспарында бар.

Аудан әкімінің орынбасары егістік алқабын аралап, шаруа қожалықтың жұмысына береке тіледі. Жалпы биыл өңірдегі 1000 гектарға қант қызылшасын орналастыру жоспарға еңгізілген.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.