Жамбылдық балуан ел чемпионатында топ жарды

 

2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында самбодан өткен ел чемпионатына қатысқан Әділет Ахметғали 71 келі салмақ дәрежесінде күресіп, қарсыластарын қапы қалдырды.
Жүлделі бірінші орыннан көрінген Бесағаш ауылының тумасы өзінің жетістігін өңірге арнап, білікті бапкерлері Руслан Мухамедгаиев пен Дамир Хабибуллаеавтың ерең еңбегі екенін атап өтті.

Балуан ендігі кезекте әлем чемпионатына қатысады

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.