9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай қолдау жасалатынын айтты.

 «Колледжде оқуға ниет білдірген 9-сынып түлектерін 100 пайызға тегін оқумен қамту да жоспарланған. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты колледжді бітірместен, оқуын тастап кететін жағдайлар жоқ емес», — деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жастардың, әсіресе аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.