Аппараттық кеңес: Арубаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тапсырмалар жүктеді

  • АРУБАЕВ: ЖАЙЫЛЫМ МЕН ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ЖАҚСАРА ТҮСЕДІ

 

Тіршілігі төрт түлікпен біте қайнасқан ауыл тұрғындары үшін жайылым мәселесі қашанда өзекті. Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев жуырда ғана жауапты бөлімдер мен жергілікті әкімдерге ауылды жердегі малы көп тұрғындардың төрт түлігін шалғайдағы жайылымға шығару, сондай-ақ ауылдан 5-7 шақырым радиуста орналасқан шаруа қожалықтардың иелерімен келісе отырып, иелігіндегі жерлерді мемлекет меншігіне өткізу жұмыстарын қолға алуды тапсырған. Аппараттық кеңесте осы мәселе тағы да кеңінен талқыланып, жер қатынастары бөлімінің басшысы мен ауыл әкімдерінің сылбыр жұмысын сынға алынды. Сәкен Қаланұлы жұмысты одан әрі ширата түсуді тапсырып, жеке бақылауда екенін еске салды.

Сондай-ақ аппараттық кеңесте аудан басшысы күн тәртібіндегі күрделі мәселелердің бірі — аудан аумағындағы тозығы жеткен трансформаторлардың жайын қозғады.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 638 трансформатор бар болса, олардың жартысына жуығы аудандық электр қуатын тарату жүйесі мекемесінің меншігінде, ал қалғандары жекеменшікке, білім мекемелеріне және ауылдық округтерге тиесілі. Оның үстіне, аймақтағы электр бағаналарының 90 пайызының әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан ауданда жарықтың жиі сөнуі орын алып, тұрғындарға қолайсыз жағдай туындауда. Аталған түйткілдер бойыншаарнайы жұмыс тобы құрылып, трансформаторларды қоршау, электр бағаналарын кезең-кезеңімен жаңарту сынды жұмыстар жүргізілуде.

 

Сонымен қатар,  аппараттық кеңесте көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша жауапты мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жұмысты жандандырып, кеткен кемшіліктерді жедел түрде ретке келтіруді жүктелді

Leave A Reply

Your email address will not be published.