Алдағы уақытта айтылып өткендей, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Талас ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автомобиль жолының 20-40 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жамбыл облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтың айтуынша, бүгінгі таңда, аталған автожол бөлігінде жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары аяқталып, асфальтбетонды жол жамылғысын төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, 2022 жылға жоспраланған 7 шақырымның 3 шақырымында жол жамылығысы төселді. Қалған 4 шақырымда асфальтбетонды төсеу жұмыстарын 20 сәуірге дейін аяқтап, нысан мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.