Балғындар шаттанған күн

 

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Барыс жылын «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек», деген болатын.

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

 

Бүгін аудандық орталық емханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» және «7 сәуір – Денсаулық күні» мерекесі қарсаңында «Күншуақты балалар» атты мерекелік кеш өткізілді.

Емхана алдында өткен ауқымды шараға өңірде тіркелген даун синдромы бар балалар шақырылды.

Балаларға көңілді күй сыйлау мақсатында өткізілген шарада сөз алған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков:

Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін айтқаны белгілі. Баршаңызды Денсаулық күні мерекесімен құттықтаймын! Балалар болашағы баянды болсын!, — деді Алтай Мұхтарұлы.

Мерекелік шарада балаларға арналып түрлі ойындар ойнатылып, көңілді-күй бағдарламалары назарға ұсынылды. Жеңімпаздарға жүлделер тағайындалып, тәттілер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.