Арубаев ауылдағы ағайынның науқандық жұмысымен танысты

ШАРУАЛАР ШИРАҚТЫҚ ТАНЫТУДА

Көктеммен бірге қыр төсінде қарбалас басталып, шаруа қамын ойлаған диқандар егіс жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.

Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев ауылдағы ағайынның науқандық жұмысын көзбен көріп қайтты.
Мәселен, Жаңақоғам ауылдық округіндегі «Мұрат» шаруа қожалығы наурыздың алғашқы күнінен-ақ жоңышқа егу жұмыстарын бастаған. Мал азығын дайындауға ерте бастан қамданған шаруалар аудан басшысына ағын су мәселесі түбегейлі шешілсе деген ниеттерін жеткізді. Қазіргі таңда мұнда бірнеше механизатор мен ауылшаруашылығы техникалары еңбек көркін қыздыра түсуде.

Аудан басшысына шаруашылық жетекшісі Самат Мырзағалиев округтегі «Омар Шу» кооперативі мен жерге қатысты бірқатар мәселелерді атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Сәкен Қаланұлы   тиісті бөлім басшысы мен ауыл әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.