Жамбылдық спортшы екі мемлекетке жолдама алды

НҰРЛЫБЕК ЕКІ МЕМЛЕКЕТКЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жуырда Семей қаласында 2004-2005 жылдары туылған жастар арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. 82 салмақ дәрежесінде бақ сынаған Нұрлыбек Жетібек ақтық сынға дейін қарсыластарын қапы қалдырып, екінші орын иеленді. Дегенмен, №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ирландияда өтетін әлем чемпионатына және Стамбул қаласында жалауын көтеретін Әлем кубогына жолдаманы жеңіп алды. Бапкері Серікболсын Бодауовтың сенімін ақтаған Нұрлыбек алдағы бәсекелерден еншісін алмай қайтпайтынын жеткізді. Өз кезегінде аталған спорт мектебінің директоры Самат Өміралиев жүлде еншілеген Нұрлыбекке алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.