Тараз қаласының бас ұстазы №56 орта мектептің жай-күйінен хабардар болды

 

Бүгін облыс әкімдігі білім басқармасы Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова бірқатар білім мекемелерді аралады.

Тараз қаласының бас ұстазы Құмшағал алқабындағы №56 мектептің жай-күйімен танысты. 1975 жылы бой көтерген мектеп 615 оқушыға шақталған. Бүгінде 65 педагог оқушыларды білім нәрімен сусындатуда. 2016 жылы мектеп ғимараты сейсмокүшейту арқылы шатыры, қаскелбеті, жылу және жарық жүйелері күрделі жөндеуден өткізілген болатын.

Мектеп мүмкіншілігімен танысқан Раушан Пернешқызы ішкі қабырғаларына сызат түскенін көріп, назарға алатынын жеткізді.

 

Р.Қожамжарова: «Орталыққа қамқорлық көрсетеміз»

 

Ал 50 келушіге арналған шағын орталықтың жайымен танысқан білім бөлімінің басшысы мұндағы келеңсіз көріністерді реттеу үшін жобалық-сметалық құжаттардың әзірленгенін, қаржылай қолдау көрсету үшін тисіті сала басшыларының назарына орталықтың жай-жапсарын алға тартатынын айтты.

Шағын орталықтың ішкі-сыртқы жұмыстарына, қабырғаларына өң беру, сыртқы қоршау жұмыстарын жүргізу, еденін ауыстыру, орталыққа қажетті жабдықтарды жаңарту, әжетхананы заманауи талаптарға сай жасау, абаттандыру және басқа да жұмыстар жобалық-сметалық құжаттарда көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.