Ескі ғимаратты қосымша білім беру орталығына айналдыру жоспарда бар

 

Бүгін облыс әкімдігі білім басқармасының Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова №52 орта мектептен кейін 300 орынға арналған №19 орта білім ошағын аралады. 2016 жылы салынған білім ордасында 65 педагог 817 оқушыға білім беруде. Мұнда мектептің пән кабинеттері, асхана қызметінің жұмыстары таныстырылды.

Дегенмен білім ордасының маңындағы білім бөлімінің теңгеріміндегі ескі мектеп ғимаратын көрген Р.Қожамжарова қосымша білім беру орталығына айналдыру қажеттігін алға тартып, бұл жұмыстардың екпін алуына күш салатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.