Ауылы амандығын тілейтін адам бар болса, ол — Әскербек Шоқаев

АУЫЛЫНА АРНАП ІРІ ҚАРА МАЛЫН СОЙДЫ

Ораза айында Жамбыл ауданына қарасты Бәйтерек ауылында сауабы мол игілікті іс жасалды. Ауыл кәсіпкері Әскербек Шоқаев жергілікті 60 тұрғынға қасиетті жұма күні ет таратып, сауапқа кенелді.

— Қайда жүрсе де елі амандығын тілеп, дұғасына қосып отыратын адам бар болса, ол — Әскербек ағамыз. Бүгін ауыл азаматтарына ірі қара малын сойып, үлестірді. Жұмысына береке тілейміз, — дейді игі істің басы-қасында жүрген Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғамзат Сағымбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.