«АСА ДАМУ» ҚҰС ФАБРИКАСЫНА АРНАЙЫ БАРДЫ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «Аса даму» құс фабрикасының жұмысымен де танысты.
Үсен Құрманбеков басшылық ететін фабрикадағы 220 мың тауықтан күніне 180 мың жүмыртқа алынады. Бүгінде жергілікті 50-ге жуық тұрғын осы фабрикаға жұмысқа орналасқан. Жұмыртқа Алматы-Тараз қалаларына жөнелтіледі. Фабрика директоры шикізат тапшылығы бар екенін де жасырмады. Фабрика директорының көтеріп отырған мәселесін реттеу үшін министр тиімді ұсыныстар қолға алынатын алға тартты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі