Қыдыралыұлы: Өзіміз реттедік деп айтудан аулақпын
Тұрғындардың талап-тілегіне уақытылы әрі сапалы жауап беру бүгінде елімізде күн тәртібінде тұрған мәселе. Азаматтардың ұсыныс-пікіріне дер кезінде назар аудару арқылы мәселенің оңтайлы шешуге болады.
Бүгінде әкім-қаралар тұрғындардың өтінішіне әлеуметтік желі арқылы жауап қатып, шешілу жолдарына күш салып жатыр.
Назарларыңызға, Жамбыл ауданының екі бірдей тұрғынының аудан басшысына жазған сауалының орындалуы барысын ұсынбақшымыз.
Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында былай дейді.
«Бүгінде әлеуметтік желі қабылдауға келетін азаматтардың қатарын азайтып отыр. Тұрғындар ұсынысын желіде жолдап, нақты жауабын алуда. Халықпен кері байланыс орнату бұл Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында көрсетілген.
Жуырда парақшама келіп түскен асалық және бектөбелік тұрғынның өтініштері толықтай шешімін тапты.
Әрине, өзіміз реттедік деп айтудан аулақпын.
Аса ауылындағы көпір бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжанмен байланысқа шығып, қолдау көрсетуге өтініш білдірсек, бектөбедегі жолды тегістеуге жергілікті кәсіпкердің техникасы көмекке келді.
Тұрғындардың талап-тілегін қанағаттандыру жолында қолғабыс еткен азаматтарға алғыс білдіремін.
Халықпен кері байланыс орнату тек жеке парақшамда ғана емес, аудан бойынша жүйеленген деп айта аламын», делінген жазбада.
(Сурет және жазба әкімнің парақшасынан алынды)