БИЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
🔹Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, азаматтарды көшпелі қабылдаулар өткізу, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне назар аудару керектігін атап өтті.
🔹Осыған орай, “AMANAT” партиясы Жуалы аудандық филиалының алғашқы мобильді қоғамдық қабылдауы аудан орталығынан шалғай орналасқан Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылында өтті. Партияның мәслихаттағы фракциясының депутаттары Әбдіқадыр, Жылыбұлақ елдімекендерінде болды.
🔹Билікөл ауылдық округінде өткен іс-шараға Партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық Мәслихат хатшысы, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, аудандық маслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі қатысты.
🔹Арнайы құрылған мобильді қоғамдық қабылдау тобы 21 ауыл азаматтарының өтінішін тыңдап, бірқатарына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, Партияның бақылауына алды.
🔹Жеке өтініштерімен келген аталған елдімекен тұрғындары электр қуатын күшейту, қайтарымсыз грант алу, автомобиль жолдарының жай-күйі, көше жарығы, егінді жер мәселесі, балаларды тасымалына қажетті жаңа автобус алу, жер кезегі сынды өтініштерін білдірді.
📌Мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы алдағы уақытта ауданның басқа да шалғай орналасқан елдімекендерінде жалғасын табады.
Аталған мәселелер Партияның мәселелер реестріне енгізіліп, бақылауға алынды.