Жамбыл ауданы әкімінің 2022 жылдың 19 сәуірдегі №122
өкімімен Самат Апсадықұлы Селеубаев Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Жаңа басшыны аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан активіне таныстырып, аппарат жұмысын жетілдіруге, тапсырмалардың уақытылы орындалуы бойынша тапсырмалар жүктеді.
Самат Апсадықұлы Селеубаев 1980 жылы 26 қыркүйекте туған.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызыл жұлдыз ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман әскери-есеп жүргізушісі болып бастаған.
2008-2012 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы,
2012 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі,
2012-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі,
2013-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы,
2016-2018 жылдары Пионер ауылдық округінің әкімі,
2018-2020 жылдары Қарасу ауылдық округінің әкімі,
2020 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Қарасу ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі