Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының ұйымдастыруымен «От дос па, жау ма?» атты сурет салудан аудандық байқау өтті.
Оған орталық тәрбиеленушілері қатысты.
Сайыс басталар алдында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Нұржан Күдербай мен Диас Ақсақалов өрт сөндіру қызметі жайлы ақпарат беріп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.
Балалар қарындаштар мен бояулардың көмегімен құтқарушылардың жұмысымен байланысты өз ойлары мен эмоцияларын қағазға жеткізді. Барлық жұмыстар қызықты, әрі мағыналы болды. Осы сала қызметкерлеріне байланысты өздерінің идеяларын бейнелеуге тырысты. Қағазда күндіз-түні адамдардың өмірін құтқару, өрттің алдын алу және сөндіру болып табылатын өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмыс күндері бейнеленген. Бұл суреттердің барлығы осы батыл адамдар үшін қуаныш пен мақтанышқа толы болды.
Салтанатты жағдайда қазылар алқасының мүшелері Нұржан Күдербай, Диас Ақсақалов пен Салтанат Құрманова әр баланың жұмысын атап өтіп, балғындардың салған суреттеріндегі жылулық пен қуанышты атап өтті. Әрине ең жақсысын таңдау қиын болды. Ашық дауыс беру әдісімен өрендердің үздік 3 жұмысы таңдалды.
Барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. Иә, әрбір қатысушы – дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылған және өте әділ өтті.