Татулық — достықтың алтын бесігі

ОРТАЛЫҚТА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КЕШ ӨТТІ

Бірлік пен татулықтың қадір-қасиетін бағалай білетін ұлттың келешегі кемел, болашағы жарқын болмақ. Елімізде 1 мамыр – бірлік күнінің аталып өтілуінің маңызы ерекше. Бұл мереке – барлық ұлт өкілдерінің ынтымағы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі.
Жуырда ұлық мерекені емханадағы Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері жоғары деңгейде атап өтті. Орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Гүлмира Сейітжан «Татулық –достықтың алтын бесігі» атты мерекелік шараның алғысөзін орталық басшысы Жанна Баубекова берді.
– «Бағалай білгенге бақ, құрметтей білген құт» қонады демекші, осы күнімізге шүкіршілік етуіміз қажет. Барлығы да, тәуелсіздіктің, бірліктің, татулықтың арқасы. Орталық қазметкерлері мен тәрбиеленушілердің кеші ынтымақ пен парасаттылықтың айқын көрінісін айшықтайтын болады, – деді Жанна Иманқұлқызы.
Мерекелік шарада Дариға, Ерғазы Кеңесбайлар, Вадим Лаговский, Мәулен Көрпеш, Нұрдаулет Серікбай «Әрқашан күн сөнбесін» нақышына келтіріп орындаса, орыс биін Мәулен Көрпеш пен Вадим Лаговский, өзбек биін Елнұр Мұратбек, Нұргелді Айтубай, Хантөре Оңалбек, үнді биін Дарын Беркінбай, Дариға Кеңесбай билеп, ата-аналарын шад-шадыман етті. Шара соңында орталық тәрбиеленушілері «Ақкөгершін» әнін хормен орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.