Өзбекстан мемлекетінен қуанышты хабар келді

№1 ОРТА МЕКТЕПТЕН 3 АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ШЫҚТЫ

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Бүгін жан жадыратар жаңалық Өзбекстан мемлекетінен Жамбыл ауданына жетті.

Самарқанд қаласында қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 оқушы жүлдемен оралды. Бауыржан Валиев басшылық ететін №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрбибі Баймұрат пен 7-сынып оқушысы Ақерке Оразғалиқызы Азия чемпионы атанса, аталған білім ордасының 10-сынып оқушысы Нұрсая Баймұрат күміс жүлдені жеңіп алды.

Самарқанд қаласында төрткүл дүниені күш-қайратымен тәнті еткен оқушыларға көрермен ыстық ықыласын танытты.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.