Қыдыралыұлы: Достықтан асқан бақыт жоқ

ТАТУ ЕЛДЕ ТЫНЫШТЫҚ, БЕЙБІТ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ ОРНАЙДЫ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудандағы этнос өкілдерін және еңбегімен еленген азаматтарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
– Сіздерді ұлттар мен ұлыстар бірлігінің рәмізіне айналған еліміздегі айтулы мереке – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – ынтымақта тұрмыс кешіп отырған халқымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге қажет. Ауданда 32 ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, аудан экономикасын дамытуда иық тіресе еңбек етуде. Тату елде тыныштық орнайды. Бейбіт елде ғана береке болады. Сондықтан, біздің ең асыл қазынамыз – елдің ынтымақ-бірлігі. Ынтымақтың арқасында мемлекетіміз бүгінде іргелі елге айналды. Достық пен бірлікті ту еткен дүнген, түрік, күрді халықтарының ұлтық-мәдени орталықтары Қазақстан халықтарының Ассамблеясы атынан жемісті жұмыстар атқарып келеді, – деген Ерлан Қыдыралұлы Ғайырулла Әмірбековке, Бақыт Сырлыбаевқа, Райкүл Омароваға, Рамазан Музафаровқа, Нафиз Татиф-оглыға, Наим Даврушевқа, Ансар Абиловке, Сабри Асановқа, Осман Делихасан-оглыға, Рахматулла Каримовке, Зиявдин Жамаловқа, Идирис Юнусовке, Татьяна Гарбузға, Әділет Асановқа облыс, аудан басшыларының Алғыс хаттарын табыстап, естелік сыйлықтарын тарту етті.
Шара соңында аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ән шырқады.
Қабылдауға аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысып отырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.