Есептік жиын:Арубаев тұрғындар көтерген мәселеден хабардар екенін жеткізді

ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫС, ТЫҢ ПІКІРЛЕР АЙТЫЛДЫ

 

Президент Жарлығына сәйкес Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев Тасөткел және Төле би ауылдық округтерінде І тоқсанның қорытындысы бойынша есептік жиын өткізді.

Көршілес ауданмен шекаралас орналасқан тасөткелдік тұрғындар су қоймасы мен электр желілеріне және мектепке қатысты бірқатар түйткілдерді жеткізді. Ауылдықтарға аталған мәселелерден хабардар екенін жеткізген өңір басшысы ол бойынша нақты жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді.

Ал аудан орталығы Төле би ауылындағы басқосуда ақсақалдар тұтас ауылға қатысты ұсыныстары мен көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесуде көтерілген мәселелер мен ұсыныстардың барлығы назарға алынып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілгенін жеткізді аудан басшысы.

 

Шу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.