Өмірәлиевтің өрендері ерледі

 

Самарқанд қаласында қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 жерлесіміз жүлдемен оралғаны белгілі.
Бүгін бұрымды батырларды өңір жұртшылығы зор ықыласпен қарсы алды.
Аса ауылындағы бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығында жиылған спортшылар Азия чемпионаты жеңімпаздарының мерейін өсірді.
Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының аудандағы №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Самат Өмірәлиев алтыннан алқа тағынып, күміс жүлдені еншілеген спорт мектебінің тәрбиеленушілері Нұрбибі Баймұрат, Ақерке Оразғалиқызы Нұрсая Баймұратқа құрмет көрсетіп, ел мақтанышы екенін тілге тиек етті.

Ел абыройын асқақтатар ұландар көбейе берсін!

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.