Қыдыралыұлы: Сыннан мін түзеуіміз керек

Бүгін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қоғаммен байланыс мәселесі жан-жақты қаралды. Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бірқатар кемшіліктер бойынша жұмыстар жүйеленетінін алға тартты.

– Өңірге айтылған сында бар. Әлеуметтік желі оқырмандары тарапынан жолданған сауалға уақытылы жауап бермегеніміз бірқатар жұмыстар жүйелеуді қажет ететінін көрсетіп отыр. Аудандағы ауылдық округтің әкімдері және аса қажетті бөлім басшылары мен олар басшылық ететін мекемелердің қоғаммен етене байланыс орнату мақсатында парақшалар ашу қажеттігі тапсырылды. Жергілікті басшылар жолданған сауалға нақты әрі сапалы жауап қайтару әсіресе, ауыл-аймақтың жағдайын назарға жеткізген оқырмандарға ауыл әкімдерінің өздері жауап беру міндетелетін болады. Жеке бақылауды қажет ететін мәселеге бей-жәй қарамайтын боламыз. Тиісті басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді, — делінген өңір басшысының жазбасында.

  • Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.