ТОҒЫЗТАРАУЛЫҚТАРДЫ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ МАЗАЛАЙДЫ

Бүгін Тоғызтарау ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.

Тұрғындарды «Amanat» партиясы аудандық филиалы жанындағы мобильді топ өкілдері  аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудандық маслихат депутаты Индира Тоғанбаева және жауапты саланың өкілдері қабылдады.

Мәселе мінберінде – үй және жер кезегіне тұру, қайтарымсыз грант, жұмыссыздық мәселелері болды.

Топ өкілдері ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындарын жіткізіп, бағыт-бағдар мен кеңестер берді.

Айтылған мәселелер шешімін тапқанға дейін партияның назарында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.