Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері орасан. Оның ішінде шекарамыз белгіленіп, бекемделуі мемлетіміздің тұтастығы мен ертеңінің кепіліне айналып отыр. Ендігі кезекте шекарамызды көздің қарашығындай сақтап, қастерлеу әр азаматтың міндеті.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы күштерінің 30 жыл толуына орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Құрмет грамотасымен Алғыс хаттары «Айшабибі» шекара бекетінің барлаушысы Бақдәулет Бейсеғали, Айдын Нұрәділге арнайы барып табысталды.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен Айшабибі ауылдық округінің әкімі Дәрмен Дәулет шекара бекеті қызметкерлерімен жолығып, айтулы мерекемен құттықтады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі