Жамбыл ауданының ардагерлері кіл мықтыны көрсетті
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығы және ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай облысымыздың ардагерлері арасында спартакиада өтіп, Жамбыл ауданы бірінші орын иеленді.
Алдынғы буын ағаларының жеңісі туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:
– Өңірдің ағалары топ жарып, жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.
Ардагерлер тоғызқұмалақ, дойбы, дартс, шахмат, бильярд, асық ату, үстел тенисінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.
Бәкең бастаған ардагерлерді құттықтаймын, делінген өңір басшысының жазбасында.