Кәсіпкер ауыл азаматтарының басын қосты

ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҢ 5 ТҮРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

 

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңістің 77 жылдығына орай Бектөбе ауылының тұрғыны Серік Өтегеев 150-ге жуық тұрғынға дастархан жайып, қол күресінен, ұн көтеруден, асық атудан, шахматтан, арқан тартудан турнирлер ұйымдастырып, 20 тыл еңбекерлеріне сый-сияпат үлестірді.

 

Сондай-ақ қайырымды шараға ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан генерал-майоры Рысбек Көшербаев, ауған соғысы ардагерлері, Семей полигоны, Чернобылда болған азаматтар шақырылды.

Шарада концерттік бағдарлама ұсынылды. Аталған спорт түрлерінің жеңімпаздарына марапаттар берілді.

Қаратөбе ауылдық округі әкімі Ғамзат Сағымбековтың айтуынша, бүгінгі кештен ауыл азаматтары үлкен әсер алып, кәсіпкерге алғысын білдірген. Елдің іргесі биік болсын

Leave A Reply

Your email address will not be published.