Өзгерістер жолы: 2025 жылы Жуалыда газбен қамтылмаған ауыл қалмайды

ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДА

«AMANAT» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламасының аудандық Жол картасында көрсетілген «Жайлы өңір» тармағына сәйкес, биылғы жылы 5 ауылға магистральды газ құбырын тарту жоспарланған болатын.
Аталған тармақ бойынша Боралдай ауылдық округінің Рысбек батыр ауылына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары наурыз айында басталып, бүгінгі таңда ауылішілік газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. Ал жақын күндері үй ауласына газ құбырын тарту жұмыстары аяқталады.

Сонымен қатар, Қошқарата ауылдық округінің Қызтоған ауылына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.

Әрі қарай Қошқарата ауылдық округіне қарасты Ақтасты, Қошқарата және Күреңбел ауылдық округінің Қаратас ауылдарына магистральды газ құбыры жүргізілмек.

Аталған жұмыс өз мәресіне жеткен уақытта 49 елдімекеннің 45-і газбен қамтылады.

Жалпы Жол картасы аясында 2025 жылы Жуалы өңірі 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ.

Біз бүгін Рысбек батыр ауылы тұрғындарының қуанышын өз көзімізбен көріп қайттық. Аталған ауыл тұрғындары игі бастамаға өз үлесін қосып, қуанышқа кенелткен қызметкерлерге алғысын білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.