АУДАНДЫҚ ШТАБ — ГРОДЕКОВОДА  

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша ағымдағы жылдың 5 маусымында жалпы республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Осыған сәйке, 25 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша құрылған аудандық штабтың төрағасы Ернар Тәжібаев пен мүшесі Сансызбай Махамбетқұлов алдағы өткізілетін науқанның мән-маңызын халыққа жан-жақты түсіндіру аясында Гродеково ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында штаб мүшелері бірқатар баяндамалар жасап, алдағы референдумды өткізуді толық қолдап, аса жауапты кезеңде саяси оқиғадан тыс қалмай, референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.