Аудан әкімі түнгі уақыттағы турнирдің ашылуына қатысты

Қыдыралыұлы жастардың өтінішімен ауыларалық турнирге қатысты

 

Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қарасу ауылдық округіндегі жастардың өтінішімен «Алмаз» спорт кешенінде кіші футболдан өткен ауыларалық турнирге арнайы барып қатысты.

Турнир екі кезеңнен басталды. Бірінші кезеңде 4 командадан құрылған 50-ге жуық ауыл жасөспірімдері өзара кіл мықтыны анықтаса, кеш қарая 12 командадан құрылаған 100-ге жуық аяқдопшылар мерекеге орай ұйымдастырылған турнирдің жүлдесіне күш салды.

Айтулы мерекеде бастау алған турнирдің ашылуында сөз алған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауыл жастарынына қолдау көрсету негізгі міндеті екенін алға тартып, жасөспірімдерді спортқа баулып, ауылдың гүлденуіне сүбелі үлес қосып жүрген, кәсіпкер Әділ Байұзақовқа ауданның Құрмет грамотасын табыс етіп, иығына шапан жауып, сый-сияпат ұсынды.

Өз кезегінде сөз алған Әділ Әбубәкірұлы ауылға арнайы атбасын бұрып, жасөспірімдер мен жастардың арасынан табыла білген аудан басшысына Алғысын білдірді.

 

Сондай-ақ аудан әкімі жасөспімдер арасында анықталған жеңімпаздармен жүлдегерлерді арнайы марапаттап, ауыларалық кіші футболды тамашалады.

Сонымен қатар, ауылдық мұражайды аралап, ауыл жанашырының еңбегін тағы бір мәрте атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Отбасы күніне орай бастау алған ауыларалық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы сыйлық әзірленген.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.