АСАЛЫҚТАРҒА БІРІНШІ ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан қорытындысымен ауыл тұрғындары алдында есеп беретіні белгіленген болатын.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Аса ауылындағы М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде ауылдықтармен кездесу өткізіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Өңір басшысы ауылда тиянағын табатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Ауыл азаматтары елді мекенге қажетті екенін және басқада сауалдарын алға тартты.
Сондай-ақ өңір басшысы 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысу қажеттігін айтты
Тұрғындардың талап-тілегі хаттамаға еңгізіліп, жауаптар берілді
Кездесуде аудан прокуроры Қайржан Қуатбеков жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді
Кездесуге а аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов және «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымов және бөлім басшылары қатысты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі