Бүгін Шәкен Ниязбеков ауылында Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебі ұжымының алдында жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде кездесу болып өтті.
Кездесуге облыстық қоғамдық штаб мүшесі Ерұлан Мағзымбеков, аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Ернар Тәжібаев пен мүшесі Сансызбай Махамбетқұлов қатысты.
Жиында сөз алған штаб мүшелері бүгінгі таңда басты міндет азаматтарды Конституцияға өзгерістер мен түзетулер туралы хабардар ету екендігіне назар аударды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қабылдаған саяси қадамдар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен көрініс тауып отырғандығын атап өтті.
Жиын барысында Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бахыт Садырбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрбек Смайлов пен мектеп директоры Әлихан Дуанаев өз пікірілерімен бөлісіп, маңызды күні барша ұстаздар қауымын науқанға белсенді қатысуға шақырды.