Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаевтың төрағалығымен референдумды ұйымдастыруға бағытталған жиын өтті.
Күн тәртібінде: ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жайы, сайлау учаскелерінің дайындығы, ұйымдастыру қарқыны қалай деген мәселелер айтылып, ауылдық округтерден келген мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.