Қарасуда тұрғындар өз таңдауын жасауда

ТҰРҒЫН: ОКРУГТІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ

 

 

2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда бүгін Ащыбұлақ ауылдық клубында Шайдана, Ащыбұлақ ауылының тұрғындары Қарасу ауылдық округі әкімінін сайлауға белсенді қатысып, дауыс беруге келуде.

 

Таңғы 07:00 –де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранымен басталған Ащыбұлақ ауылындағы №14 сайлау учаскесі ресми түрде ашылып, жұмысын бастады.

Дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың саны — 1195 адам.

 

 

Өз таңдауын жасаған Шайдана ауылының тұрғыны Ерболат Беркінов:

– Бүгін округтің гүлденуін мен өркендеуі жолында аянбай еңбек ететін округ әкіміне үміткер азаматқа таңдау түсірдім. Президент пәрменінен сәйкес өткен сайлаудың маңыздылығы зор. Өйткені, округтің жайы тек қана сол округтің тумасына ғана аян. Таңдауым адастырмайтынына сенімдімін,-дейді Ерболат Керімбекұлы…

 

Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.