Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер тоқсан қорытындысымен ауыл тұрғындарымен кездесу жоспарланған болатын
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Шайқорық орта мектебінде Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Өңір басшысы ауылда тиянағын табатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Алдағы уақытта Теректі көшесіне асфальт төселіп, электр желілері ауыстырылатынын дәне Шалқар көшесінің электр желілері жаңартылатынын жеткізді.
Ауыл азаматтары елді мекенге қажетті екенін және басқада сауалдарын алға тартты.
Тұрғындардың талап-тілегі хаттамаға еңгізіліп, жауаптар берілді
Кездесуде аудан прокуроры Қайржан Қуатбеков жергілікті тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізді
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі