ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімімен, аудан әкімінің өкімімен Мади Жанұзақов Жарлықапбайұлы Қарасу ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратына арнайы барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұы округ тумасы Мади Жарлықапбайұлының жұмысына сәттілік тілеп, ауыл ажарын ашуға, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне білек сыбана кірісу қажеттігін алға тартты.
Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және ауыл азаматтары қатысты.
Айта кету керек, өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.
Осы орайда жуырда Ащыбұлақ ауылдық клубында Шайдана, Ащыбұлақ ауылының тұрғындары округ әкімін сайлауға белсенді қатысып, дауыс берген болатын. Сайлау нәтижесінде Мадияр Жанұзақов округ азаматтарының 74% даусын жинады.