БАЛАЛАРҒА КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
1 маусым – Халықаралық балалар күні қарсаңында аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен және аудандық Мәдениет үйі директоры Индира Тоғанбаеваның қолдауымен «Жүзіңнен күлкі кетпесін, балақай» атты мерекелік шара өтті. Емханаға келуші тұрғындар мен оңалту орталығының тәрбиеленушілері қатысқан шарада 50-ге жуық бүлдіршін мереке мезіретін сезінді.
Мерекелік кештің ашылуында сөз алған аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов:
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл – «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бүгінгі мерекелік шараның көпшілік назарына ұсынылуы Мемлекет басшысының бастамасынан жалғасын тауып отыр. Әлемдегі барлық бала бақытты болуға лайықты. Өздеріңізге арналған меркелік кешімізді қабыл алыңыздар, – деді Нұрмахан Досмұханұлы.
Балалардың көңіліне көктем ұялатқан шарада сурет салу, бейне құрастыру, өлең айту кезеңдері бойынша ойындар өтіп, келген бүлдіршіндерге ойыншықтар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.